20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТашкентте (Өзбекстан) бокстан өткен 2023 жылғы әлем чемпионатының қорытындысы бойынша үздіктер анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Өзбекстан ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алған өзбекстандық боксшы Хасанбой Дусматов әлемдік біріншіліктің үздік боксшысы атанды. Тоғыз медальмен жалпы командалық есепте бірінші орын алған Өзбекстан құрамасы үздік команда болып танылды.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы медальдық есепте екінші орын алды. Қазақстандық боксшылар төрт алтын және бір күміс медаль еншіледі. Үздік үштікті Ресей түйіндеді.
48 келіге дейінгі салмақта финалда Санжар Тәшкенбай грузин боксшысы Сахил Аллахвердовиді бет қаратпай ұтып, әлем чемпионатының алтынына ие болды.
54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Махмұд Сабырхан финалда өзбекстандық Ойбек Жураевтан төрешілер шешімі бойынша басым түсті. Үш раунд бойы үздіксіз соққы жұмсап, қарсыласына бірнеше рет нокдаунға түсірді.
71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Асланбек Шымбергенов өзбекстандық Саиджамшид Джафаровты төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңді, ал жекпе-жек барысында қарсыласының мұрнын сындырды. Осылайша, Асланбек Шымбергенов мансабында тұңғыш рет әлем чемпионы атанды.
Ал 80 келіге дейінгі салмақта Нұрбек Оралбай Қытай атынан сынға түсетін этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатқанды ұтты. Дулат Бекбауов күміс жүлде иеленді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?