Жаңалықтар

Өзбектің мұрнын сындырған Асланбек Шымбергенов әлем чемпионы атанды

Өзбектің мұрнын сындырған Асланбек Шымбергенов әлем чемпионы атанды
14.05.2023 19:42 1209

Қазақстандық боксшы Асланбек Шымбергенов Ташкентте бокстан 2023 жылғы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Шымбергенов өзбекстандық Саиджамшид Джафаровты төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңді, ал жекпе-жек барысында қарсыласының мұрнын сындырды.

Осылайша, Асланбек Шымбергенов мансабында тұңғыш рет әлем чемпионы атанды, ал оның қарсыласы әлем біріншілігінде күміс медаль иеленді.

Өткен жылы Қазақстан құрамасының капитаны Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Айта кетейік, 2023 жылғы әлем чемпионатында Шымбергенов тринидадтық Аарон Принцті, израильдік Мирослав Капулер-Ищенконы, Француз Макан Траоре мен үнділік Нишант Девті де жеңді.

Бұған дейін 48 келідегі Санжар Тәшкенбай мен 54 келіге дейінгі салмақта Махмұд Сабырхан әлем чемпионы атағына қол жеткізген.

Санжар финалда грузин боксшысы Сахил Аллахвердовиді бет қаратпай ұрып, біріншілікте үздік шықты.

Махмұд Ойбек Жураевтан төрешілер шешімімен басым түсті. Үш раунд бойы үздіксіз соққы жұмсап, қарсыласын бірнеше рет нокдаунға түсірді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға