Жаңалықтар

Санжар Тәшкенбай бокстан әлем чемпионы атанды

Санжар Тәшкенбай бокстан әлем чемпионы атанды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы 13.05.2023 18:39 1168

Ташкентте бокстан өтіп жатқан әлем біріншілігінде Санжар Тәшкенбай чемпион атанды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Отандасымыз финалда грузин боксшысы Сахил Аллахвердовиді бет қаратпай ұтып, 48 келіде әлем чемпионатының алтынына ие болды. Жеңіл салмақтың жүгін арқалаған боксшы іріктеу кезеңдерінде барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңген еді. Ол алғашқы кездесуінде өзбек боксшысын бір рет нокдаунға түсірді. 

Жартылай финалда ресейлік спортшыны жеңіп, финалға шыққан астаналық саңлақ бүгінгі ақтық сында жанкүйерлер сенімін толық ақтады. 

Ал 67 келіде шаршы алаңға көтерілген Дулат Бекбауов шешуші сәтте есе жіберіп, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанды. 

Бұдан бөлек, Қазақстан құрамасының тағы үш боксшысы финалда сынға түседі. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға