Жаңалықтар

Махмұд Сабырхан бокстан әлем чемпионы атанды

Махмұд Сабырхан бокстан әлем чемпионы атанды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы 14.05.2023 18:20 1204

Ташкентте бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында Махмұд Сабырхан әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз финалда өзбекстандық Ойбек Жураевтан төрешілер шешімі бойынша басым түсті. Үш раунд бойы үздіксіз соққы жұмсап, қарсыласына бірнеше рет нокдаунға түсірді. 

Төрешілер үш раунд бойынша басымдықты отандасымызға берді. Ташкенттегі біріншілік бойы үздік өнерімен көзге түскен Махмұд Сабырхан Қазақстан қоржынына екінші алтын медальды салды. 

Бұған дейін 48 келіде ел намымысын қорғаған Санжар Тәшкенбай әлем чемпионы атанса, 67 келіде Дулат Бекбауов күміс жүлдеге қол жеткізді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға