20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМемлекет басшысы бокстан Ташкентте өткен әлем чемпионатының жеңімпаздарын құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бокстан әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектерін зор қызығушылықпен тамашаладым. Жеңіске деген ерік-жігер мен шынайы патриотизмнің жарқын үлгісін көрсеткен боксшыларымыз Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбайды шын жүректен құттықтаймын! Қазақтың төрт жігіті – әлем чемпионы! – деп жазылған Президенттің Twitter-дегі құттықтауында.
48 келіге дейінгі салмақта финалда Санжар Тәшкенбай грузин боксшысы Сахил Аллахвердовиді бет қаратпай ұтып, әлем чемпионатының алтынына ие болды.
54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Махмұд Сабырхан финалда өзбекстандық Ойбек Жураевтан төрешілер шешімі бойынша басым түсті. Үш раунд бойы үздіксіз соққы жұмсап, қарсыласына бірнеше рет нокдаунға түсірді.
71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Асланбек Шымбергенов өзбекстандық Саиджамшид Джафаровты төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңді, ал жекпе-жек барысында қарсыласының мұрнын сындырды. Осылайша, Асланбек Шымбергенов мансабында тұңғыш рет әлем чемпионы атанды.
Ал 80 келіге дейінгі салмақта Нұрбек Оралбай Қытай атынан сынға түсетін этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатқанды ұтты.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?