Екібастұз қаласындағы апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда

4 Желтоқсан 2022, 11:50 1434

Бүгін 11 үйдің жылу желілері жөнделуде

Төтенше жағдайды жою жөніндегі жедел штаб Екібастұз қаласындағы апаттық-қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлайды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналына сілтеме жасап.

4 желтоқсан сағат 08:00-дегі жағдай бойынша 11 үйдің жылу желілері жөнделуде.

Пәтерлерде жылу беруді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жылу жүйесіне қосылуға дайын үйлерде құбырлар мен радиаторлар ауыстырылуда. Сонымен қатар сумен және жылумен жабдықтау жүйелерін жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Еске салайық, 27 қарашада Екібастұз жылу электр орталығында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалған. Бұған дейін Екібастұзда жылу электр орталығындағы бірнеше қазанагрегат тоқтап, тұрғындар жылусыз қалғандығы туралы жазған болатынбыз. Екібастұз ЖЭО апаттың себебіне қатысты түсініктеме берді. ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов Екібастұздағы құбырлардың тозығы жеткенін айтты. Бүгін қаласының жылу желілерінде болған апатқа байланысты жергілікті билік ТЖ режимін жариялады. Екібастұзда орталық жылу берудің тоқтап қалуынан хабардар болған Президент қала тұрғындарының жағдайына алаңдаушылық білдіріп, Премьер-Министр Әлихан Смайловқа еліміздің қалаларындағы проблема жиі туындайтын энергетикалық активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесін қарастыруды тапсырды. Жылудың болмауына байланысты Екібастұздың 123 тұрғыны эвакуацияланды. Үкімет бірқатар проблемалық энергетикалық нысандарды мемлекет меншігіне қайтару мәселесін пысықтауда. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына барлығы 500-ге жуық адам жұмылдырылды. Төтенше жағдайлар министрлігінің Павлодар облысындағы бөлімшелері апаттың алғашқы күндерінен коммуналдық қызметтерге көмекке жұмылдырылды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр қалалық жылу желілеріндегі апаттың салдарын толық жою жөніндегі жұмыстарды бақылау үшін Екібастұзда болады.  Қазіргі уақытта 5200 жылу батареясы жеткізілді

EL.KZ
Бөлісу: