Жаңалықтар

Алматы туралы 10 қызық дерек

Алматы қаласында орналасқан Орталық Мемлекеттік мұражайы еліміздегі ең көп адам қабылдайтын музей болып табылады. 
Алматы туралы 10 қызық дерек
24.12.2016 17:07 18195

1. Алматы қаласында орналасқан телевизиялық мұнараны қалаға келіп, көрмей қалу мүмкін емес. Биіктігі 372 метрді құрайтын бұл объект әлемнің ең биік мұнараларының қатарына кіреді. 1984 жылы қолданысқа берілген мұнараның құны — 600 млн рубльді құраған.

2. Алматы метросы — Қазақстандағы тұңғыш, Орталық Азиядағы екiншi, ТМД-дағы 16-жерасты жолы.

3. Алматы қаласында 1960 жылы Ұлы ақын Абай Құнанбаевқа ескерткіш қойылды. Биіктігі 13,7 метрді құрайтын Абай Құнанбайұлының мүсіні ақынға арнап қойылған тұңғыш ескерткіш ретінде ерекшеленеді.

4. «Қазақстан» қонақ үйі — Алматы қаласының символдарының бірі. Ол қаладағы жер сілкіну қаупі бар аймақта орналасқан, сейcмикалық жағынан берік, биіктігі 102 м алғашқы заңғар ғимарат.

5. «Сұңқар» халықаралық трамплиндер кешені әлемнің ең үздік трамплиндерінің қатарына кіреді.

6. Алматы қаласында орналасқан Орталық Мемлекеттік мұражайы еліміздегі ең көп адам қабылдайтын музей болып табылады. Музейде 300000-нан астам экспонат бар.

 

7. Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм акционерлік қоғамы — 1934 жылы «Алматы кинохроника студиясы» атауымен құрылды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде «Ленфильм» және «Мосфильм» киностудиялары Алматыға көшірілді.

8. Алматы — субұрқақтар (фонтан) қаласы. Шахарда 125-тен астам субұрқақ бар.

9. Тәуелсіздік монументі – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің бес жылдығына орай Алматы қаласында салынған сәулет және мүсін өнері ескерткіші. Республикалық маңызы бар ескерткіштер қатарына кіретін Тәуелсіздік монументі қаланың символына айналды.

10. Алматы қаласында трамвай желісі 1937 жылы ашылды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға