Жаңалықтар

Ағалы-қарындастың «River flows in you» әніне жасаған кавері

Қос талант
Ағалы-қарындастың «River flows in you» әніне жасаған кавері
01.02.2017 15:12 10243

Жақында әлеуметтік желілердің бірінде ағалы-қарындас Нұрбек пен Лашын есімді қос талант «River flows in you» әніне жасаған каверінің бейнесін жариялаған еді. Көпшліктің көңілінен шыққан әуен ғаламтор бетіне тез тарап, үлкен ықыласқа бөленді. Авторлар туралы толық мәлімет алу мақсатында Лашын мен Нұрбекке хабарласқан едік.

Лашын Монғолияның Баян-Өлгий аймағы, Өлгий қаласындағы 3-орта мектептің 11-сынып оқушысы. Жасы 16-да.

– Лашын, музыканың сіздің өміріңіздегі рөлі? Музыкамен қашаннан бері шұғылданасыз?

– Біздің үйдің заңы бойынша әр бала өнердің бір түрін меңгеруі тиіс. 8-сыныпта оқып жүргенімде әкем шағын күйсандық сатып алып беріп, музыкаға баулыды. Уақыт өте келе музыкаға ынтам артып, өзіме ұнаған әлемдік классик музыканттардың туындыларын ойнай бастадым. Музыка – менің өмірімнің бір бөлшегі. Сабағым мен үй жұмысынан босай қалсам өнермен шұғылданамын.

– Ғаламтор бетіне шыққан  «River flows in you»  әніне жасаған кавер Нұрбек екеулеріңіздің алғашқы туындыларыңыз ба? Әлде бұдан да өзге композициялар бар ма?

– Әрине бұл алғашқысы емес, біз әр түрлі аспаптарда ойнаймыз, «Mongolian’s got talent» шоуына қазақтың қара домбырасымен қатысып көпке танылған Нұрбек екеуміздің домбыра пиониномен қосылған каверлеріміз бар. Бірақ бұрын ғаламторға жарияламаппыз. Бұл жолы Нұрбектің ұсынысымен ғаламторға салдық.

– Дәл осы әуенді таңдаудағы мақсатыңыз?

– Әуеннің құрылымы нәзік, лирикалық болғандықтын ұнады, композицияны өз мәнерімізде орындап көрдік, ел жылы қабылдады. 

Ал, Лашынның ағасы Нұрбек туралы толық мәліметті келесі сілтемеден оқи аласыз. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға