Жаңалықтар

Түркия мен Сирияда зілзаладан қаза тапқандар саны 23 мыңнан асты

Түркия мен Сирияда зілзаладан қаза тапқандар саны 23 мыңнан асты
Фото: liga.net 11.02.2023 13:26 1014

Түркия мен Сириядағы жойқын жер сілкінісінен қаза болғандар саны күн санап артып барады. Соңғы дерек бойынша 23 700 адамнан асқан, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Reuters ақпарат агенттігінің мәліметіне сүйенсек, Түркияның өзінде зілзаладан көз жұмғандар саны 20 213 адамға жеткен. Ал Сирияда қаза болғандар қатары 3500 болды.

Жарақат алғандардың да саны артып барады. Соңғы дерек бойынша екі елде олар 80 мыңнан асып кеткен.

Түркиядағы зілзаладан қаза тапқандар саны күн санап көбейіп барады.

Іздеу-құтқару жұмыстары жалғастырылуда.

Қазақстан Түркияға гуманитарлық көмек ретінде $1 млн бөлді. Сонымен қатар Қазақстандықтардың екінші тобы Түркиядан қайтарылды.

ҚР Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Түркиядағы жойқын жер сілкінісінің салдарын жою бойынша жүргізіліп жатқан іздестіру-құтқару жұмысына қатысты соңғы ақпаратпен бөліскен болатын.

Осыған дейін Түркияда жоғалған қазақстандық  Әділ Қадырбеков пен Мирболат Құрмашевтің денесі табылғандығын хабарлаған болатынбыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға