Жаңалықтар

Түркиядағы зілзаладан қаза тапқандар саны 19 мыңнан асты

Апат салдарымен күреске 141 мыңнан астам жұмылдырылған
Түркиядағы зілзаладан қаза тапқандар саны 19 мыңнан асты
Фото: Anadolu Agency 10.02.2023 22:35 987

Түркиядағы жойқын зілзаладан қаза тапқандар саны 19 мыңнан асты, деп хабарлайды El.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Табиғи апат орын алған 10 провинциядағы іздеу-құтқару мен гуманитарлық жұмысқа шетелден келген құтқарушыларды қосқанда 141 мыңнан астам адам жұмылдырылған.

Ел президенті Режеп Тайып Ердоған Түркияның оңтүстігіндегі зілзала салдарын жоюға көмектесіп жатқан әр адамға алғысын білдірді.

Ол апат аймағында қалған халыққа жер сілкінісінің салдарын жою мәселесінде мемлекетке сенуге тапсырды.

Түркия президенті апат аймағындағы отбасыларды паналатқан үй иелеріне айына 5 мың лирадан, ал үй жалдап тұратындарға 2 мың лирадан төленетінін айтты.

Кахраманмараштағы жер сілкінісі ошағының құрбандар саны 19 388 адамға жеткен, 77 711 адам зардап шеккені анықталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға