Жаңалықтар

Швейцария әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Аталған топтағы алғашқы кездесу Швейцария мен Камерун құрамалары арасында өтті
Швейцария әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Фото: AP/Petr JOSEK 24.11.2022 18:12 1190

Әлем чемпионатының бесінші ойын күнінде G тобында Швейцария Камеруннан басым түсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Аталған топтағы алғашқы кездесу Швейцария мен Камерун құрамалары арасында өтті.

Бірінші кезеңде таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.

Екінші кезең басталған сәтте швейцариялық футболшылар алға қарай ұмтылды. Бұл әрекеті нәтижесіз болған жоқ.

Ойынның 48-минутында Брил Эмболо аталған құраманы алға шығарды. Оған камерундық құрама жауап беруге тырысты.

Айта кетсек, екі құрама өз тарихында тұңғыш мәрте кездесіп отыр. Сол тарихи ойында Швейцария қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.

Бұған дейін Әлем чемпионатының топтық кезеңінде Сауд Арабиясы  Аргентинадан басым түсіп, сенсация жасаған еді. Аргентинаны жеңу құрметіне Сауд Арабиясында сәрсенбі демалыс күні болып жарияланды.

Кешегі ойында Франция құрамасы да Аустралияны ірі есеппен ұтты. Ал Германия құрамасы Жапониядан жеңіліп қалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға