Жаңалықтар

Германия құрамасы Жапониядан жеңіліп қалды

Әлем чемпионатында тағы да сенсация тіркелді
Германия құрамасы Жапониядан жеңіліп қалды
Фото: Getty Images/Global Images Ukraine 23.11.2022 21:15 1241

Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының төртінші ойын күнінде тағы да сенсация тіркелді. Е тобындағы Германия құрамасы Жапонияға жол берді, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жанкүйерлер Германия құрамасы Жапонияны оңай жеңіп кете алады деген ойда болған еді.

Әлемдік додада төрт мәрте чемпион атанып, бірнеше мәрте жүлдегерлер қатарынан көрінген неміс футболшылары қай кезде де мықтылар қатарында саналады.

Бұл кездесу барысында да Аргентина және Сауд Арабиясы кездесуіндегі жағдай қайталанды.

Алдымен Германия құрамасынан 33-минутта Илкай Гюндаган пеналтиден есеп ашқан еді.

Екінші кезеңде Жапония қарсыластың қарқынына лайықты төтеп бере білді.

Есесіне қарымта шабуылда гол соғатын мүмкіндік іздеді. Нәтижесінде 75-минутта Рицу Доан таразы басын теңестірсе, Такума Асано 83-минутта Жапонияны алға шығарды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға