Жаңалықтар

Сарапшылар сайлаудан кейінгі кезеңдегі мәселелерді талқылады

Сарапшылар сайлаудан кейінгі кезеңдегі мәселелерді талқылады
Фото: El.kz 13.03.2023 16:00 987

Еуразиялық интеграция институты «Ашық саясат» сараптамалық клубының «Сайлаудан кейінгі кезеңде өкілдік биліктің күшеюі: проблемалар мен перспективалар» тақырыбында кезекті кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Диалогқа «Еуразиялық мониторинг» талдамалық зерттеулер орталығының директоры Әлібек Тәжібаев, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Саясаттану кафедрасының меңгерушісі Бағыш Ғабдулина, әлеуметтанушы Әділ Родионов және Камила Ковязина, сондай-ақ басқа да жетекші қазақстандық ғалымдар, сарапшылар мен талдаушылар қатысты.
 
Дөңгелек үстел барысында сарапшылар аралас сайлау жүйесі жағдайында Мәжілістің жаңа құрамын конфигурациялаудың ықтимал нұсқаларын, сондай-ақ сайлаудан кейінгі кезеңде Парламенттен аудандық мәслихаттарға дейінгі өкілді билікті нығайтудың одан әрі кезеңдерін талқылады.

Алдағы сайлаудан үлкен өзгеріс күтпеймін. Кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарын өз мәнінде жүргізіп жатқан жоқ. Электориаттар кімнің есімі таныс болса, соған галочка қоя салатын сияқты. Әрине тек кемшілігін айтып, барлығы жаман деуден аулақпын. Қазір популизмды көбірек байқап отырмыз. Блогерлер, әншілер, спортшылар көп түсіп жатыр. Әрине, кандидаттарды халық тани алуы керек. Бірақ олар Парламентке барғанда не істей алады? Мені осы қызықтырады, - деді Юлия Кучинская.


Бұдан басқа, президенттік саяси реформаларды іске асыру контекстінде саяси партиялар мен бір мандатты кандидаттар үшін ағымдағы сайлау науқанының қорытындылары бойынша болжамдарға баса назар аударылды.

Әртістер не үшін керек? Олар сайлаудың аудиториясын кеңейту үшін керек. Мәжіліске нақты тізім ұсынылғанда олар болмайды деп ойлаймын. Басқарудың ең жақсы түрі - өзін-өзі басқару. Біз осыны алып келуіміз керек. Жергілікті жердегі өзін-өзі басқаруды күшейту керек. Мәслихат депуттары өз аумағының проблемасын көтеріп, шеше алуы керек. Мен мысалы өз аумағымның депутаттарын танымаймын. Одан кейін Мәжіліске келсек, пропорционалды, мажолитарлы екеуі 50/50 болуы керек. Қазір 30/70 болып тұр ғой. Блогерлердің сайлауға қатысуына Конституцияға сай құқығы бар. Бірақ “халық -айна”, - деді Р. Шерияздинов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға