Жаңалықтар

Президент Ұлттық кітап күнімен құттықтады

Президент Ұлттық кітап күнімен құттықтады
Фото: Ақорда 23.04.2025 09:02 400

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Биыл алғаш рет аталып жатқан Ұлттық кітап күні құтты болсын! Бұл – білімпаздық, ізденімпаздық, кітапқұмарлық сияқты игі қасиеттерді дәріптейтін күн. Кітап оқыған ұрпақ озық ойлы болады. Сапалы ұлт осындай құндылықтар арқылы қалыптасады, – делінген құттықтауда.

Былтыр Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық кітап күнін белгілеу жөнінде тапсырма берген болатын.

Соған сәйкес, биылдан бастап 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып белгіленді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға