Жаңалықтар

Қарағандыдағы орталық саябаққа алма көшеттері отырғызылды

Қарағандыдағы орталық саябаққа алма көшеттері отырғызылды
Фото: Бейнежазбадан скриншот 23.04.2025 06:32 848

Қарағандыдағы орталық мәдениет және демалыс саябағында балалар темір жолының бойында алма бағы пайда болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазір мұнда жеміс ағаштарының көшеттерін отырғызу жұмыстары жалғасып жатыр. 

Біз қазірдің өзінде бес мың алма ағашын егуге кірістік. Бұл ағаштар қалалық саябақтың артқы жағында, Ғазалиев көпірінің бойында және теміржол бойымен өтетін маршрут бойынша пайда болады. Уақыт өте келе бұл аллеялар қаланың сыртқы келбетін өзгертіп қана қоймай, тұрғындарды гүлденуімен және балғын жемістерімен қуантады, – деп жазды Қарағанды саябақтар басқармасы әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.

Кәсіпорынның мәліметінше, биылғы маусымда Назарбаев даңғылы мен Орталық саябақта 10 мың қарақат көшеті отырғызылады. Бұл жобаға астаналық тәлімбақ серіктестік қарым-қатынас аясында көшеттерді тегін берген. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға