Маңғыстауға Өзбекстан дәрігерлері ресми сапармен келеді

Фото: Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация қызметі
Фото: Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация қызметі
23.04.2025 07:35
729
Өңірге қарасты Бейнеу ауданына Өзбекстандағы Қарақалпақстан автономиялық республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің делегациясы ресми сапармен келетін болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Делегация құрамында лор, уролог, аллерголог, офтальмолог, онколог, хирург және гинеколог мамандары жергілікті тұрғындарға медициналық қызмет ұсынады. Арнайы мамандар аудан халқына кәсіби медициналық кеңес беріп, қажет болған жағдайда медициналық тексерулер мен ем-дом тағайындайды.
Қарақалпақстандық дәрігерлер келушілерді 23-24 сәуір күндері аралығында Бейнеу көпбейінді орталық аудандық ауруханасының 3-қабатында орналасқан мамандандырылған диагностика және кеңес беру бөлімінде қабылдамақ.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қарағандыдағы орталық саябаққа алма көшеттері отырғызылды
Келесі жаңалық
Шымкентте тұрғын үйден жылан шықты