Жаңалықтар

Санжар Ташкенбай Меккеге барды

Санжар Ташкенбай Меккеге барды
Фото: instagram.com/tashkenbay_sanzhar 12.10.2023 16:17 1116

Бокстан әлем чемпионы қазақстандық Санжар Ташкенбай қасиетті Меккеге барып, қажылық парызын өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Санжар Ташкенбайдың өзі әлеуметтік парақшада мәлімдеді. Спортшы кіші қажылыққа жақындарымен бірге барған.

Оқи отырыңыз:

Алланың қалауымен қасиетті Меккеге келіп, умра қажылығын өтеу нәсіп етіпті. Алла құлшылығымызды қабыл етсін, - деп жазба қалдырды Ташкенбай.

Санжар Ташкенбай биыл мамыр айында Ташкентте өткен әлем біріншілігінде 48 келіге дейінгі салмақта қарсылас шыдатпай, жеңімпаз атанды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Санжар Ташкенбай (@tashkenbay_sanzhar)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға