Жаңалықтар

Қазақ қызы Францияда сенатор атануы мүмкін

Қазақ қызы Францияда сенатор атануы мүмкін
Фото: facebook.com/OtandastarQory 12.10.2023 15:00 1070

Осыдан үш жыл бұрын Есім Сабаш атты франциялық қандасымыз Парижге жақын Крей қаласында сайлауда жеңіске жетіп, қала мэрінің орынбасары болған еді. Енді ол Франция сенаторы атануға үміткер болып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Есім Махмұтқызы өткен ғасырдың қырқыншы жылдардың соңында Қытайдан босып, Түркияға жеткен қазақтардың ұрпағы. Оның әкесі Махмұт Сабаш – Франциядағы қазақтар қауымдастығының президенті.

Есім Махмұтқызы 1991 жылы Францияда туған. Азаттық үшін алысқан әйгілі Зуқа батырдың туысы болып келеді.

Крей қаласы (фр. Creil) — О-де-Франс аймағына, Санлис округіне жататын, Францияның солтүстігіндегі қала. 2014 жылғы санақ бойынша халқының саны 35 мыңға жуық болған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға