Жаңалықтар

Самирхон Абабакиров  Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алды

Самирхон Абабакиров  Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алды
Фото: Туризм және спорт министрлігі 16.03.2024 13:15 521

Қытайдың Тайань қаласында өтіп жатқан таеквондодан лицензиялық турнирде Қазақстан қоржыны тағы бір жолдама түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Туризм және спорт министрігінің мәліметінше, 58 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Самирхон Абабакиров  Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алды. Ол жартылай финалда филиппиндік Курт Криан Барбосаны 2:0 есебімен ұтты. Осылайша 20 жастағы спортшы өзінің алғашқы Олимпиадасына аттанбақ. 

Іріктеу сынында отандасымыз Қырғызстан мен Таиланд спортшыларын жеңді.

Айта кетейік, кешегі жарыс күнінде Батырхан Төлеуғали 80 келі салмақта лицензияға қол жеткізген болатын.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға