Жаңалықтар

Париж олимпиадасына дайындық барысы талқыланды

Париж олимпиадасына дайындық барысы талқыланды
Фото: Туризм және спорт министрлігі 15.03.2024 21:12 2459

Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жараспаев Олимпиадаға дайындық жөніндегі штабта ұйымдастыру комитетінің мүшелерімен, министрлікке қарасты мекемелердің және БАҚ өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында биыл Франция астанасы – Парижде өтетін Олимпия ойындарына дайындық барысын талқылады.

Қазіргі уақытта ел қоржынында спорттың 9 түрінен 23 спортшы 25 жолдамаға ие. Атап айтар болсақ, садақ атудан – 4, тас жолдағы велоспорттан – 3, нысана көздеуден – 5, қазіргі бессайыстан – 2, бокстан – 7, грек-рим күресінен – 1, еркін күрестен – 1, спорттық гимнастикадан – 1, таеквандодан 1 жолдама бар.

Жолдама алған барлық спортшы керекті медикаменттермен, дәрігер-массажистермен қамтамасыз етілді. Психолог, нутрицологтар спортшылармен етене жұмыс істеп жатыр. Париж-2024 Олимпиадасына лицензиялық және рейтингтік турнирлер 1 ай қалғанда аяқталады. Алда әлі 63 лицензиялық және рейтингтік турнир бар. Мақсат – 20-25 спорт түрінен 80-ге жуық лицензия иелену.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға