Жаңалықтар

Роналду 2026 жылы әлем чемпионатына қатысуға ниетті

Роналду 2026 жылы әлем чемпионатына қатысуға ниетті
Фото: instagram.com/cristiano 05.06.2023 14:20 1127

Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігін жоққа шығармайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алдымен келесі маусымда Еурода ойнағым келеді. Қысқа мерзімді және орта мерзімді мақсатқа мән беру маңызды. Әрі қарай не болатынын көреміз, - деді Роналду The Straits Times-қа берген сұхбатында.

38 жастағы Роналду Португалия құрамасы сапында 198 матч өткізіп, 122 гол соқты. Шабуылшы маусымда өтетін Еуро-2024 іріктеу матчтарында ұлттық құрама сапында өнер көрсетеді.

Португалиялықтар Еуропа чемпионатына іріктеу аясында екі кездесу өткізіп, Лихтенштейн (4:0) мен Люксембургті (6:0) ойсырата жеңді. Роналду екі гол соқты.

Бұған дейін Роналду карьерасын қай клубта жалғастыратынын айтқан. Ол Сауд Арабиясы клубынан кетуге ниеті жоқ екенін және келесі маусымда алғашқы кубокты жеңіп алуға бел буғанын тілге тиек етті.

Роналду командасы осы маусымда «Әл-Иттихадтан» жеңіліп, олжасыз қалды.

Өзімді бақытты сезінемін, карьерамды осында жалғастырғым келеді. Меніңше, егер жұмысты осы бағытта жалғастыра берсек, алдағы бес жылда Сауд Арабиясы чемпионаты әлемнің үздік бес лигасының қатарына кіруі мүмкін.

Мен осы маусымда чемпиондыққа қол жеткіземіз деп үміттендім, бірақ олай болмады. Бірақ бәрі жақсы болатынына және мақсатымызға жететінімізге сенемін, – деді Роналду.

Сонымен қатар француздың «Пари Сен-Жермен» және Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубтары Жапонияда маусым алдындағы турне жолдастық кездесу өткізіп, Месси мен Роналду алаңда тағы кездесуі мүмкін екендігін жазғанбыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға