Жаңалықтар

Роналду мен Месси алаңда тағы кездесуі мүмкін

Роналду мен Месси алаңда тағы кездесуі мүмкін
Фото: ©instagram.com/cristiano 02.06.2023 18:40 868

Француздың «Пари Сен-Жермен» және Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубтары Жапонияда маусым алдындағы турне жолдастық кездесу өткізеді,

Бұл туралы Париж командасының баспасөз клубы хабарлады.  

Кездесу 25 шілдеде Осакада өтеді. Осылайша ПСЖ шабуылшысы аргентиналық Лионель Месси мен португалиялық Криштиану Роналду бір алаңда қайта кездесуі мүмкін.

Сонымен қатар ПСЖ 28 шілдеде жапонның «Сересо Осака» командасымен және 1 тамызда миландық «Интермен» ойнайды.

Естеріңізге сала кетейік, қаңтар айында ПСЖ жолдастық кездесуде Эр-Рияд командасын 5:4 есебімен жеңген болатын. Клубтың жеңісіне Килиана Мбаппе, Уго Экитике, Серхио Рамос, Маркиньос және Мессидің голдары көмектесті. Ал Роналду дубль жасады және осы кездесудің үздік ойыншысы деп танылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға