Жаңалықтар

Роналду карьерасын қай жақта жалғастыратынын айтты

Роналду карьерасын қай жақта жалғастыратынын айтты
Фото: instagram.com/cristiano 02.06.2023 14:32 1050

«Әл-Наср» клубының португалиялық футболшысы Криштиану Роналду Сауд Арабиясы клубынан кетуге ниеті жоқ екенін және келесі маусымда алғашқы кубокты жеңіп алуға бел буғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Роналду командасы осы маусымда «Әл-Иттихадтан» жеңіліп, олжасыз қалды.

Өзімді бақытты сезінемін, карьерамды осында жалғастырғым келеді. Меніңше, егер жұмысты осы бағытта жалғастыра берсек, алдағы бес жылда Сауд Арабиясы чемпионаты әлемнің үздік бес лигасының қатарына кіруі мүмкін.

Мен осы маусымда чемпиондыққа қол жеткіземіз деп үміттендім, бірақ олай болмады. Бірақ бәрі жақсы болатынына және мақсатымызға жететінімізге сенемін, – деді Роналду.

38 жастағы португалиялық 2 қаңтарда «Әл-Насрдың» ойыншысы болды. Келісімшарт бойынша ол жылына 200 миллион еуро алады.

Ағымдағы маусымда португалиялық шабуылшы 19 матчқа қатысып, 14 гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға