Павлодар облысында кәмелетке толмаған әпкесі мен інісі зорланған
Фото: instagram.com/bilim_basqarmasy
Фото: instagram.com/bilim_basqarmasy
22.11.2024 11:17
645
Павлодар облысындағы аудандардың бірінде кәмелет жасына толмаған әпкесі мен інісін зорлау фактісі анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Білім басқармасы 2024 жылғы 22 қарашада жариялады.
Колледжде оқитын кәмелетке толмаған қыз бала зорланған. Сотқа дейінгі тергеу барысында оның мектепте оқитын інісе де зорланғаны анықталды. Кәмелетке толмағандарға психологиялық көмек көрсетіледі. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді, – делінген мәліметте.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға