Холанд «Тоттенхэмге» ауысу туралы қауесетке пікір білдірді

Холанд «Тоттенхэмге» ауысу туралы қауесетке пікір білдірді
Фото: Фото: © James Gill - Danehouse / Contributor / Getty Images Sport / Gettyimages.ru

«Манчестер Сити» мен Норвегия құрамасының шабуылшысы Эрлинг Холанд Голливуд актері Том Холландтың бірнеше жыл бұрын жолдаған жеке хабарламасына қатысты алғаш рет пікір білдірді. Футболшы актердің әзіл-шыны аралас ұсынысына жауап беріп, болашақта бәрі мүмкін екенін айтты.

Оқи отырыңыз: 

Әлем чемпионаты кезінде әлеуметтік желіде кең тараған мемдерге реакция жасаған видеода Холанд көпшілік біле бермейтін қызықты оқиғаны еске алды. Оның айтуынша, Том Холланд 2021 жылдың 23 мамырында Instagram арқылы хабарлама жолдаған.

Сәлем, Эрлинг! Сені жаңа ғана Монакодан көрдім. Егер бірге уақыт өткізгің келсе, хабарлас. Және өтінемін, «Тоттенхэмге» ауысшы, – деген актердің жазбасын оқып берді футболшы.

Эрлинг Холанд бұған дейін Том Холланд туралы сұрақ қойылғанда «Өрмекші-адам» фильмін көрмегенін айтып, жауабының сәл дөрекілеу шыққанын мойындады. Кейін ол актерге арнайы хабарлама жіберіп, ешқандай құрметсіздік танытқысы келмегенін жеткізген.

Сол кезде өзімді ыңғайсыз сезіндім. Сондықтан оған: «Сізге әдейі мән бермеді деген әсер қалдырғым келген жоқ. Ал «Тоттенхэмге» ауысу мәселесіне келсек, әзірге нақты ештеңе айта алмаймын. Бірақ болашақта не боларын кім білсін?» деп жаздым, – деді Холанд.

2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін норвегиялық шабуылшының танымалдығы бұрынғыдан да арта түсті. Егер турнир басталғанға дейін оның Instagram парақшасында шамамен 40 миллион оқырман болса, мундиаль аяқталған соң бұл көрсеткіш 76 миллионға жеткен.

26 жастағы Эрлинг Холанд «Манчестер Сити» сапында Англия Премьер-лигасының екі дүркін чемпионы атанып, Чемпиондар лигасын жеңіп алды. Кәсіби мансабында 354 гол соққан шабуылшы олардың жетеуін 2026 жылғы әлем чемпионатында еншілеген.

Жанкүйерлер Холандты тек нәтижелі ойыны үшін ғана емес, қарапайым мінезі мен әзілге жақындығы үшін де ерекше бағалайды. Әлем чемпионатында Норвегия құрамасы ширек финалға дейін жетіп, кейін қола жүлдегер атанған Англияға жол берді. Ал 1/8 финалда норвегиялықтар бес дүркін әлем чемпионы Бразилияны жарыстан шығарып, сол кездесуде Холанд дубль авторы атанған.

Оқи отырыңыз