26-28 маусым аралығында Қытайдың Циндао қаласында өтетін Grand Prix 2026 турнирі өтіп жатыр. Турнирге әлемнің 57 елінен 500-ге жуық татами шебері қатысты. 66 келі салмақ дәрежесіндегі финалда Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев пен екі дүркін Олимпиада чемпионы Хифуми Абэ күресті.
Отандасымыз финалда осы салмақтың айқын фавориті, 2 дүркін Олимпиада чемпионы, 4 дүркін әлем чемпионы Хифуми Абэмен (Жапония) белдесіп, жол берді. Осы салмақтағы қола жүлде бразилиялық Рональд Лима мен франциялық Рай Келвинге бұйырды.
Ғұсман Қырғызбаевтың финалға дейінгі жолын еске түсірсек, ол алғашқы айналымында моңғол Турболд Тумурхууды жеңді. Екінші кезеңде черногориялық Юсуфа Нурковичті қапы қалдырды. Ширек финалында Әзербайжан өкілі Руслан Пашаевтан басым түсті.
Оқи отырыңыз:
- https://el.kz/eki-zhyldan-keyin-tatamige-oralgan-eldos-smetov-zhenilis-tapty_400049327/
- https://el.kz/eldos-pen-abiba-tatamige-oralady-qytayda-dzyudodan-gran-pri-turniri-otedi_400049293/
- https://el.kz/grand-prix-gusman-qyrgyzbaev-pen-hifumi-abe-finalda-kuresedi_400049315/
Бұдан бұрын, өткен жылы Венгрия астанасы Будапештте өткен әлем чемпионатында Қырғызбаев пен Абе жұбаныш белдесуінде күш сынасты. Нәтижесінде, Хифуми Абе қола жүлде еншіледі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жыл жеңіліспен басталды
Негізі, Ғұсман Қырғызбаев 2026 жылды Париждегі Grand Slam турнирінен бастады. Алайда алғашқы айналымда моңғол Унурбат Жанцардоржға жол берді.
Одан кейін Аустралияда өткен Grand Prix Upper жарысында қола жүлденің жолында сүрінді. Жартылай финалда Рональд Лима жауырынын жерге тигізді. Жұбаныш белдесуінде испан Ньето Чинарродан ұтылып қалады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ол аздай, мамыр айында Астанада өткен Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде де жолы болмайды. Бірінші кездесуінде украин Вадим Черновты жеңгенімен, ширек финалда өзбек Абдурахим Нутфуллаевтен ұтылады. Жұбаныш белдесуі үшін айқаста бітіспес қарсыласы ресейлік Рамазан Абдулаев айласын асырады. Сөйтіп, отандасымыз жүлдесіз қалады.