Екі жылдан кейін татамиге оралған Елдос Сметов жеңіліс тапты

 IJF
Фото: IJF

Қытайдың Циндао қаласында өтетін Grand Prix 2026 турнирі өтіп жатыр. Бұл – Олимпиада жолдамасы үшін рейтинг ұпайы берілетін іріктеу кезеңіндегі екінші жарыс. 60 келі салмақта ел намысын қорғаған Елдос Сметов ұтылып қалды. 

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов қола жүлде үшін бәсекеде ресейлік Аюб Блиевпен (Ресей) күресті. Блиев белдесуді басынан қолына алып, әдіс жасауға тырысты. Сылбыр күресі үшін Сметов ескерту алып үлгерді. Сөйтіп жүргенде ресейлік балуан юко әдісін жасады. Ары қарай Елдос намысқа тырысқанымен, Блиев чемпионның жауырынын жерге тгізді. Осылайша, Аюб Grand Prix турнирінің қола жүлдесін еншіледі. Тағы бір қола жүлдені әзірбайжан Ахмад Юсупов алды. Турнирдің күміс жүлдесін Чарли Эйр алса, алтын медальды жапон Хайато Кондо иеленді. 

фото: IJF

Сметовтың қолаға дейінгі жолын еске түсірсек, бірінші айналымда жарыс қожайыны Сунь Цзяхаоны таза ұтса, 1/8 финалда осы салмақта фавориттердің бірі саналған Балабай Агаевты жеңіп кетті. Ары қарай алақанымызды ысқылап, алда бір финалдың күтіп тұрғаны анық дестік. Бірақ жанкүйерлердің дегені орындала бермейтініндей, француз Енцо Джин Сметовты жеңіп, келесі кезеңге өтті. Сөйтіп, Париж Олимпиадасының чемпионы Циндао Гран-приінің жұбаныш белдесуінде Өзбекстан спортшысы Самариддин Кучкаровты жеңді.

48 келідегі чемпион

фото: IJF

Турнирдегі 48 келі салмақтағы жүлдегерлер анықталды. 48 келіде Кристина Дудина мен Хуи Синран қола медаль еншілесе, түрік Тугче Бедер күміс жүлдеге ие болды. Ал турнирдің алтын медалі алаң иесі  Венна Жуангке бұйырды. 

Оқи отырыңыз