Grand Prix: Ғұсман Қырғызбаев пен Хифуми Абе финалда күреседі

 ҰОК
Фото: ҰОК

2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңі басталды. Қытайдың Циндао қаласында өтетін Grand Prix 2026 турнирі өтіп жатыр. Бұл – Олимпиада жолдамасы үшін рейтингтік ұпай берілетін іріктеу кезеңіндегі екінші жарыс. Жарыстың алғашқы күнінде бес салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар анықталады. 66 келі салмақта Ғұсман Қырғызбаев финалға шығып, Хифуми Абеден есе қайтаруға мүмкіндік туды.

Иә, Ұланбатырдағы алғашқы іріктеу турнирінен кейін әлем назары Қытайға ауып отыр. Мұнда дзюдошыларды тағы бір жоғары деңгейдегі бәсеке күтіп тұрды. Жанкүйерлер де Елдос Сметов пен Абиба Әбужақынованың татамиге оралғанын асыға күтіп жүрген. Бірақ сенсацияға толы бірінші күн ешкімді аяған жоқ. 

Абиба жеңіліп қалды

Осы турнирде жүлде ілер деген спортшымыз Абиба Әбужақынова алғашқы айналымда сүрінді. Ол әзірбайжан Шафаг Хамидоваға жол беріп, жарысты ерте аяқтады. Одан кейін татамиге шыққан 57 келідегі Бақыт Құсақбаева алғашқы айналымда түрікмен Медине Оразныязованы жеңді. Алайда келесі кезеңде ресейлік Ирина Зуевадан ұтылып қалды. 

фото: IJF

Сметов қола үшін күреседі

Екі жылдан кейін татамиге оралған Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов бірінші айналымда жарыс қожайыны Сунь Цзяхаоны таза ұтса, 1/8 финалда осы салмақта фавориттердің бірі саналған Балабай Агаевты жеңіп кетті. Ары қарай алақанымызды ысқылап, алда бір финалдың күтіп тұрғаны анық дестік. Бірақ жанкүйерлердің дегені орындала бермейтініндей, француз Енцо Джин Сметовты жеңіп, келесі кезеңге өтті. Сөйтіп, Париж Олимпиадасының чемпионы Циндао Гран-приінің жұбаныш белдесуінде Өзбекстан спортшысы Самариддин Кучкаровты жеңді. Отандасымыз 3-орын үшін Аюб Блиевпен (Ресей) күреседі. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от International Judo Federation (@judogallery)

Осы салмақтағы тағы бір спортшымыз Талғат Орынбасар алғашқы айналымда аустралиялық Джошуа Катцты ұтты. Екінші айналымда словениялық Давид Старкерден вазари  ұпайымен отандасымызды қапы қалдырды. 

Ғұсман Қырғызбаев жартылай финалға шықты

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, 66 келідегі Ғұсман Қырғызбаев Циндао Гран-приінің алғашқы айналымында моңғол Турболд Тумурхууды жеңді. Екінші кезеңде черногориялық  Юсуфа Нурковичті қапы қалдырды. Ширек финалында Әзербайжан өкілі Руслан Пашаевтан басым түсті.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от JUDOWORLD7 - Time To Throw! 🥋 (@judoworld7)

Отандасымыз жартылай финалда бразилиялық әккі қарсыласы  Рональд Лимамен тартысты жекпе-жек өткізіп, жеңіске жетті. Отандасымыз ақтық сында 2 дүркін Олимпиада чемпионы, 4 дүркін әлем чемпионы Хифуми Абэмен (Жапония) күреседі.

Финалдағы кездесулерді 14:00-де Qazsport арнасының тікелей эфирінде тамашалауға болады. 

Оқи отырыңыз