Жаңалықтар

Футболдан әлем чемпионатының бүгінгі ойын кестесі

Бүгін әлем чемпионатының төртінші матчы өтеді
Футболдан әлем чемпионатының бүгінгі ойын кестесі
Фото: turkystan.kz 24.11.2022 15:27 3652

Қатарда 2022 жылғы футболдан әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бүгін әлем чемпионатының төртінші матчы өтеді.

Төменде ойындар кестесін ұсынамыз:

16:00. Швейцария - Камерун. 

19:00. Уругвай - Оңтүстік Корея. 

22:00. Португалия - Гана.

01:00 Бразилия - Сербия.

Матчтар «Qazsport» телеарнасынан көрсетіледі.

Бұған дейін Әлем чемпионатының топтық кезеңінде Сауд Арабиясы  Аргентинадан басым түсіп, сенсация жасаған еді. Аргентинаны жеңу құрметіне Сауд Арабиясында сәрсенбі демалыс күні болып жарияланды.

Кешегі ойында Франция құрамасы да Аустралияны ірі есеппен ұтты. Ал Германия құрамасы Жапониядан жеңіліп қалды.

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға