Жаңалықтар

Елімізде жартылай жекеменшік балабақшадағыларға жалақы дұрыс төленбеген

Елімізде жартылай жекеменшік балабақшадағыларға жалақы дұрыс төленбеген
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 03.02.2024 01:15 7037

Елімізде жартылай жекеменшік балабақша қызметкерлеріне жалақы дұрыс төленбеген. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

1 қыркүйектен бастап елімізде барлық балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30% көбейтілген еді. Алайда кейбір өңірлерде қызметкерлердің айлығы әлі күнге дейін өзгермеген.

Министр Ғани Бейсамбаев барлық балабақшаға қойылатын бірізділік талапқа бағынбаған жекеменшік бақшалардың басшыларына тиісті шаралар қолданылатынын атап өтті.

Айта кетейік, бүгінгі таңда елімізде 250 мыңға жуық, соның ішінде бас қалада 50 мыңға жуық бүлдіршін бақша кезегін күтіп отыр.    

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға