Жаңалықтар

Шымкентте алаяқ әйел 3 тұрғынды тәрбиеші етіп жұмысқа тұрғызамын деп 12 млн теңге алған

Шымкентте алаяқ әйел 3 тұрғынды тәрбиеші етіп жұмысқа тұрғызамын деп 12 млн теңге алған
Фото: freepik.com 24.01.2024 19:31 600

Шымкент үш әйел балабақшаға жұмысқа орналасу  үшін алаяққа 12 млн теңге берген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алданған тұрғындар полицияға жүгінген. Айтуларынша, бейтаныс әйел оларды балабақшаға тәрбиеші етіп жұмысқа орналастыруға уәде беріп, бұл қызметі үшін сенгіш әйелдердің әрқайсысынан қомақты ақша алған. Келтірілген жалпы шығын көлемі - 12 миллион теңге.

Полиция департаментінің хабарлауынша, аталған жайт бойынша тергеу басталды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер күдіктіні ұстады. Күдікті әйел қамауға алынды. Ол бұрын осыған ұқсас қылмысы үшін сотталған Түркістан облысының тұрғыны болып шықты.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға