Жаңалықтар

Екібастұз тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетіледі – Ерлан Қошанов

Қазір бұл мәселемен тиісті мемлекеттік органдар айналысып жатыр
Екібастұз тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетіледі – Ерлан Қошанов
28.11.2022 15:51 1406
Екібастұздағы төтенше жағдай күллі қазақстандықтарды алаңдатуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Бұл туралы Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
 
Қазір бұл мәселемен тиісті мемлекеттік органдар айналысып жатыр. Қаладағы ахуал Мемлекет басшысының ерекше бақылауында.
 
"Мәжіліс депутаттары да елмен бірге! Халыққа шұғыл көмек көрсету мақсатымен кеше «AMANAT» фракциясының депутаттары Екібастұз қаласына жолға шықты. Кешке дейін зардап шеккен тұрғындарға партия тарапынан гуманитарлық көмек көрсетіледі. Әсіресе, жылы киімдер, көрпе-жастық және қазіргі уақытта ең қажетті жылытқыш құралдармен қамтамасыз етеді", - деп жазды Ерлан Қошанов.
 
Бұған дейін Екібастұзда жылу электр орталығындағы бірнеше қазанагрегат тоқтап, тұрғындар жылусыз қалғандығы туралы жазған болатынбыз.
 
Екібастұз ЖЭО апаттың себебіне қатысты түсініктеме берді. ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов Екібастұздағы құбырлардың тозығы жеткенін айтты. 
 
Бүгін қаласының жылу желілерінде болған апатқа байланысты жергілікті билік ТЖ режимін жариялады.
 
Екібастұзда орталық жылу берудің тоқтап қалуынан хабардар болған Президент қала тұрғындарының жағдайына алаңдаушылық білдіріп, Премьер-Министр Әлихан Смайловқа еліміздің қалаларындағы проблема жиі туындайтын энергетикалық активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесін қарастыруды тапсырды.
 
Жылудың болмауына байланысты Екібастұздың 123 тұрғыны эвакуацияланды
 
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға