Жаңалықтар

Жаңа e-history.kz веб-порталын құруда үш мақсат көзделді - Е.Бабақұмаров

Бүгін Ақордада тұсауы кесілген жаңа «Қазақстан тарихы» веб-порталын құруда үш мақсат көзделді. Бұл жөнінде бүгін Ұлттық тарихты зерделеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының III отырысында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры Ержан Бабақұмаров мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Порталдың үш басты мақсаты бар: біріншіден жастар мен оқушылар үшін білім беру жобаларын іске асыруға жағдай жасау, екіншіден, біздің еліміздің тарихына қызығатындарға ағартушылық жұмыстарды жүргізу, үшіншіден, тарих жөніндегі ең танымал ғылыми жұмыстармен барлық оқырмандарды таныстыру. Біз мұны еліміздегі тарих ғылымын жаңарту үшін маңызды шарт деп ойлаймыз», - деді Е.Бабақұмаров.   Ол жаңа порталдың пайдаланушыларға ұсынатын мүмкіндіктеріне тоқталды.   «Ең алдымен, ұлттық тарих мәселелері бойынша анықтамалық және ақпараттық білім материалдарының кең саласына қол жеткізу. Бұл барлық жастағы қолданушыларға ұлттық тарихты түрлі форматта - қарапайым мәтін, электрондық кітаптар, ақпараттық кесте, инфографика, интерактивті ойындар, фото, бейне және аудио материалдар бойынша өз бетінше оқуға, сонымен қатар пікірталастық тақырыптар бойынша ой таластыруға мүмкіндік береді», - деді ол.   Е.Бабақұмаровтың айтуынша, сондай-ақ портал мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға  көптеген қызықты әрі пайдалы ақпараттар береді.   «Мултьфильмдер, сандық білім ресурстары, оқулық және оқу-әдістемелік құралдар, интерактивті түрде кітаптар оқу, аудиожазбаларды тыңдауға болады», - деді ол.
26.09.2013 05:23 3401

Бүгін Ақордада тұсауы кесілген жаңа «Қазақстан тарихы» веб-порталын құруда үш мақсат көзделді. Бұл жөнінде бүгін Ұлттық тарихты зерделеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының III отырысында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры Ержан Бабақұмаров мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Порталдың үш басты мақсаты бар: біріншіден жастар мен оқушылар үшін білім беру жобаларын іске асыруға жағдай жасау, екіншіден, біздің еліміздің тарихына қызығатындарға ағартушылық жұмыстарды жүргізу, үшіншіден, тарих жөніндегі ең танымал ғылыми жұмыстармен барлық оқырмандарды таныстыру. Біз мұны еліміздегі тарих ғылымын жаңарту үшін маңызды шарт деп ойлаймыз», - деді Е.Бабақұмаров.

 

Ол жаңа порталдың пайдаланушыларға ұсынатын мүмкіндіктеріне тоқталды.

 

«Ең алдымен, ұлттық тарих мәселелері бойынша анықтамалық және ақпараттық білім материалдарының кең саласына қол жеткізу. Бұл барлық жастағы қолданушыларға ұлттық тарихты түрлі форматта - қарапайым мәтін, электрондық кітаптар, ақпараттық кесте, инфографика, интерактивті ойындар, фото, бейне және аудио материалдар бойынша өз бетінше оқуға, сонымен қатар пікірталастық тақырыптар бойынша ой таластыруға мүмкіндік береді», - деді ол.

 

Е.Бабақұмаровтың айтуынша, сондай-ақ портал мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға  көптеген қызықты әрі пайдалы ақпараттар береді.

 

«Мултьфильмдер, сандық білім ресурстары, оқулық және оқу-әдістемелік құралдар, интерактивті түрде кітаптар оқу, аудиожазбаларды тыңдауға болады», - деді ол.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға