«Мәдениет және ақпарат министрлігіне, Астана және Алматы қалаларының, облыс әкімдіктеріне тарихи ескерткіштерді, ғалымдардың археологиялық қазбалар жүргізу орындарын қорғауға және жаңадан табылған материалдарды мұражайларға қоюға бағытталған жүйелі шараларды қабылдауды тапсырамын. Төртінші отырысымызға аталмыш жұмыстардың өңірлерде жүргізілу мәселесін талқылауға енгізуді ұсынамын. Бұл мәселемен орталық деңгейінде айналысып жатырмыз, барлық аймақтарда кеңестер құрылған. Олардың көбін облыс жетекшілері басқарып отыр. Олардың өздерінің ресурстық мүмкіндіктері бар. Бұл мәселенің өлкетану жағынан ғана емес, жалпы ұлттық, тарихи аспектіге ие екенін ескеру қажет», - деді Мемлекеттік хатшы.
Мемлекеттік хатшы тарихи ескерткіштерді қорғауға бағытталған жүйелі шараларды қабылдауды тапсырды
Оқи отырыңыз
Кеше, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?
Бүгiн Ақордада өткен Ведомствоаралық жұмыс тобы мүшелерiнiң отырысы барысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Астана және Алматы қалаларының, облыс әкімдіктеріне тарихи ескерткіштерді, ғалымдардың археологиялық қазбалар жүргізу орындарын қорғауға бағытталған жүйелі түрдегі шараларды қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.