Жаңалықтар

«Асыл аралдағы» айқас

1969 жылғы наурыздың 2-сіне қараған түні 500-дей Қытай әскері Кеңес Одағымен шекарада (Хабаровскіден оңтүстікке қарай 230 шақырым қашықтықта) орналасқан Даман аралына кіріп алған. Олар аралдың биігірек тұрған батыс жағалауына орналасады. Бұларды кеңес шекарашылары таңертеңгі сағат 10-нан кейін ғана байқап қалады. Сол кезде Даманға 30 шақты қарулы адамның жылжып келе жатқаны жөнінде хабар жөнелтіледі. Осыдан кейін ол жаққа жергілікті заставаның 32 жауынгері аттанған. Қытайлар шекараны бұзғаны туралы ескертуді тыңдамай, тіпті оқ атқаннан кейін қиян-кескі ұрыс басталып кетеді. Екі жақ та бір-біріне берілместей кейіп танытады. Кеңес шекарашыларына, тіпті жақын маңдағы Нижнемихайловка ауылының тұрғындары көмек көрсетіпті. Олар жараланғандарды сыртқа әкетіп, жауынгерлерге оқ-дәрі жеткізіп отырған. Осындай жанқиярлық және жаппай ұйымдасқан әрекеттің нәтижесі шығар, түске қарай Қытай әскері шегіне бастайды. 1969 жылғы наурыздың 2-сіне қараған түні 500-дей Қытай әскері Кеңес Одағымен шекарада (Хабаровскіден оңтүстікке қарай 230 шақырым қашықтықта) орналасқан Даман аралына кіріп алған. Олар аралдың биігірек тұрған батыс жағалауына орналасады. Бұларды кеңес шекарашылары таңертеңгі сағат 10-нан кейін ғана байқап қалады. Сол кезде Даманға 30 шақты қарулы адамның жылжып келе жатқаны жөнінде хабар жөнелтіледі. Осыдан кейін ол жаққа жергілікті заставаның 32 жауынгері аттанған. Қытайлар шекараны бұзғаны туралы ескертуді тыңдамай, тіпті оқ атқаннан кейін қиян-кескі ұрыс басталып кетеді. Екі жақ та бір-біріне берілместей кейіп танытады. Кеңес шекарашыларына, тіпті жақын маңдағы Нижнемихайловка ауылының тұрғындары көмек көрсетіпті. Олар жараланғандарды сыртқа әкетіп, жауынгерлерге оқ-дәрі жеткізіп отырған. Осындай жанқиярлық және жаппай ұйымдасқан әрекеттің нәтижесі шығар, түске қарай Қытай әскері шегіне бастайды. Бұрын-соңды болмаған қақтығыс 2 наурыздағы қарулы қақтығыс кезінде 31 Кеңес шекарашысы қаза тауып, 14 адам жараланды. Ал Қытай жағынан 248 адам өлген. КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің (МҚК) арнайы комиссиясы осындай мәліметті жариялады. Ресейлік әскери журналист, запастағы полковник Игорь Плугатарев «Независимая газетаның» әскери қосымшасының 2009 жылғы 27 наурыздағы санында былай деп жазған: «Дамандағы 2 наурыз оқиғасының әлем тарихында теңдесі жоқтығын ешкім қаперіне де алмады деуге болады. Тіпті мұндай қантөгіс Ұлы Отан соғысы кезінде де болған жоқ! ...Біраз уақыттан кейін көрші заставаның бастығы, аға лейтенант Виталий Бубенин (қазір шекара әскерінің отставкадағы генерал-майоры, Кеңес Одағының батыры) 23 жауынгерімен бірге қалғандарға көмекке барған. Ол осы жолдардың авторымен әңгімесінде қақтығыс болған күннің ертеңіне КСРО МҚК төрағасының бірінші орынбасары, генерал-полковник Николай Захаровтың келгенін еске алды. Захаров бүкіл аралды (ұзындығы 1500-1800 м, ені 500-600 м, ауданы 0,74 шаршы шақырым) жеке өзі сүзіп шықты, бұрын-соңды болмаған айқастың жай-жапсарын тексерді. Содан кейін Захаров Бубенинге: «Балам, мен Азамат соғысында, Ұлы Отан соғысында болдым, украин ұлтшылдарымен айқастым. Бәрін көрдім. Бірақ мынадайды көрген емеспін!» депті.       Оразәлі БАЙМҰРАТ 
23.09.2013 03:09 4113

1969 жылғы наурыздың 2-сіне қараған түні 500-дей Қытай әскері Кеңес Одағымен шекарада (Хабаровскіден оңтүстікке қарай 230 шақырым қашықтықта) орналасқан Даман аралына кіріп алған. Олар аралдың биігірек тұрған батыс жағалауына орналасады. Бұларды кеңес шекарашылары таңертеңгі сағат 10-нан кейін ғана байқап қалады. Сол кезде Даманға 30 шақты қарулы адамның жылжып келе жатқаны жөнінде хабар жөнелтіледі. Осыдан кейін ол жаққа жергілікті заставаның 32 жауынгері аттанған. Қытайлар шекараны бұзғаны туралы ескертуді тыңдамай, тіпті оқ атқаннан кейін қиян-кескі ұрыс басталып кетеді. Екі жақ та бір-біріне берілместей кейіп танытады. Кеңес шекарашыларына, тіпті жақын маңдағы Нижнемихайловка ауылының тұрғындары көмек көрсетіпті. Олар жараланғандарды сыртқа әкетіп, жауынгерлерге оқ-дәрі жеткізіп отырған. Осындай жанқиярлық және жаппай ұйымдасқан әрекеттің нәтижесі шығар, түске қарай Қытай әскері шегіне бастайды.

1969 жылғы наурыздың 2-сіне қараған түні 500-дей Қытай әскері Кеңес Одағымен шекарада (Хабаровскіден оңтүстікке қарай 230 шақырым қашықтықта) орналасқан Даман аралына кіріп алған. Олар аралдың биігірек тұрған батыс жағалауына орналасады. Бұларды кеңес шекарашылары таңертеңгі сағат 10-нан кейін ғана байқап қалады. Сол кезде Даманға 30 шақты қарулы адамның жылжып келе жатқаны жөнінде хабар жөнелтіледі. Осыдан кейін ол жаққа жергілікті заставаның 32 жауынгері аттанған. Қытайлар шекараны бұзғаны туралы ескертуді тыңдамай, тіпті оқ атқаннан кейін қиян-кескі ұрыс басталып кетеді. Екі жақ та бір-біріне берілместей кейіп танытады. Кеңес шекарашыларына, тіпті жақын маңдағы Нижнемихайловка ауылының тұрғындары көмек көрсетіпті. Олар жараланғандарды сыртқа әкетіп, жауынгерлерге оқ-дәрі жеткізіп отырған. Осындай жанқиярлық және жаппай ұйымдасқан әрекеттің нәтижесі шығар, түске қарай Қытай әскері шегіне бастайды.

Бұрын-соңды болмаған қақтығыс

2 наурыздағы қарулы қақтығыс кезінде 31 Кеңес шекарашысы қаза тауып, 14 адам жараланды. Ал Қытай жағынан 248 адам өлген. КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің (МҚК) арнайы комиссиясы осындай мәліметті жариялады.
Ресейлік әскери журналист, запастағы полковник Игорь Плугатарев «Независимая газетаның» әскери қосымшасының 2009 жылғы 27 наурыздағы санында былай деп жазған: «Дамандағы 2 наурыз оқиғасының әлем тарихында теңдесі жоқтығын ешкім қаперіне де алмады деуге болады. Тіпті мұндай қантөгіс Ұлы Отан соғысы кезінде де болған жоқ! ...Біраз уақыттан кейін көрші заставаның бастығы, аға лейтенант Виталий Бубенин (қазір шекара әскерінің отставкадағы генерал-майоры, Кеңес Одағының батыры) 23 жауынгерімен бірге қалғандарға көмекке барған. Ол осы жолдардың авторымен әңгімесінде қақтығыс болған күннің ертеңіне КСРО МҚК төрағасының бірінші орынбасары, генерал-полковник Николай Захаровтың келгенін еске алды. Захаров бүкіл аралды (ұзындығы 1500-1800 м, ені 500-600 м, ауданы 0,74 шаршы шақырым) жеке өзі сүзіп шықты, бұрын-соңды болмаған айқастың жай-жапсарын тексерді. Содан кейін Захаров Бубенинге: «Балам, мен Азамат соғысында, Ұлы Отан соғысында болдым, украин ұлтшылдарымен айқастым. Бәрін көрдім. Бірақ мынадайды көрген емеспін!» депті.    
 

Оразәлі БАЙМҰРАТ 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға