Нұрмахан Тінәлиев - Әлем чемпионатының қол жүлдегері

Қазақстандық спортшы Нұрмахан Тінәлиев (120 келі) Әлем чемпионатының қол жүлдегері атанды, деп хабарлады Sports.kz.

Эстониялық Кейки Набиге есе жіберіп алған қазақстандық палуан Польша спортшысы Камил Блонскиді 8:0 есебімен ұтты, ал қола жүлде үшін өткен кездесуде венгриялық Михай Дик Бардоштан 5:0 есебімен басым түсті.

Бұл осы чемпионаттағы Қазақстан қоржынына түскен екінші жүлде. Бұған дейін Екатерина Ларионова (63 келі) үшінші орынға ие болған еді.

Baq.kz

Оқи отырыңыз