Жаңалықтар

200 жыл өмір сүрген балық ауланды

Сиэтл қаласының тұрғыны Аляскада балық аулап жүріп, екі ғасыр өмір сүрген алабұға балығын ұстап алды. Мамандардың айтуынша, жасы 200-ге келген балық кезінде орыс келімсектерінің кезінде пайда болған. Ихтиологтар қазір осынау су жануарының расында да екі ғасыр өмір сүргендігін растап отыр. Осыншама жыл ғұмыр кешсе де алабұға әлі де шапшаң қимылдайды және тәбеті де жаман емес. Оның ұзындығы бір метрден сәл асады, ал салмағы 17,5 келі. "Қарт" балықты қармағына ілген Сиэтл тұрғынының аты-жөні - Генри Либман. Ол Аляскаға балық аулау үшін келіпті. Енді ол жақын арада рекордтар кітабына да еніп кетуі ғажап емес. Baq.kz
11.09.2013 08:47 4114

Сиэтл қаласының тұрғыны Аляскада балық аулап жүріп, екі ғасыр өмір сүрген алабұға балығын ұстап алды.

Мамандардың айтуынша, жасы 200-ге келген балық кезінде орыс келімсектерінің кезінде пайда болған. Ихтиологтар қазір осынау су жануарының расында да екі ғасыр өмір сүргендігін растап отыр.
Осыншама жыл ғұмыр кешсе де алабұға әлі де шапшаң қимылдайды және тәбеті де жаман емес. Оның ұзындығы бір метрден сәл асады, ал салмағы 17,5 келі.
"Қарт" балықты қармағына ілген Сиэтл тұрғынының аты-жөні - Генри Либман. Ол Аляскаға балық аулау үшін келіпті. Енді ол жақын арада рекордтар кітабына да еніп кетуі ғажап емес.

Baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға