Енді емханаларға «www.egov.kz» сайты арқылы тіркелуге болады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінде «Өз емханаңды таңда!» тақырыбымен өткен баспасөз мәслихатында №8 қалалық емхананың бас дәрігері Айгүл Қасымова мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Елімізде бір ай көлемінде тұрғындарды емханаларға тіркеу жөнінде ақпарат пен кепілдендірілген медициналық көмек тізімін медициналық мекемелердің ақпараттық тақталары мен сайттарынан білуге болады», - деді Айгүл Қасымова.
Азаматтарды медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін ұйымдарға тіркеу немесе қайта тіркеу мақсатында жыл сайын арнаулы шаралар ұйымдастырылып отырады. Бас дәрігердің айтуынша, 2014 жылғы алғашқы медициналық көмекті қаржыландырудың жаңа жүйесі сапалы медициналық көмек көрсетуге негізделіп отыр. Осыған орай арнайы коммиссия екі ай көлемінде ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізбек.
«Тұрғындарға қолайлы болу үшін электрондық үкімет («www.egov.kz» сайты) көмегімен де емханаларға тіркелу мүмкіндігі жасалған», - деп толықтырды А.Қасымова.
Емханаларға «www.egov.kz» сайты арқылы тіркелуге болады
Оқи отырыңыз
Кеше, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?