Қара шайдың тағы бір пайдасы анықталды
29.08.2013 02:22
7007
Шай тіс шірімесінің алдын алады. Кэрри Ракстон есімді ғалым тісті сақтау үшін күніне кемінде үш-төрт кесе қара шай ішу керектігін ескертеді.
РБК-ның хабарлауынша, қара шайдың құрамы стрептококк пен лактобацилдерге қарсы тұратын заттарға бай. Сол себепті шайды көп ішу тіс эмалінің бұзылуынан сақтайды. Қара шайға қанттың қосылуы да оның бактерияларға қарсы реакциясына кедергі бола алмайды. Ғалымдардың зерттеуіне қарағанда, көк шайдың да ауыз қуысын бактериялардан тазарта алатын қауқары бар. Көк шай, бұған қоса, ауыздағы күкірт мөлшерін бейтараптандырып, жағымсыз иістерді жояды.
Baq.kz
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Селтик" - "Шахтер": 3-0
Келесі жаңалық
Абай облысында су тасқынына дайындық барысы тексерілді