Жаңалықтар

Астанада Отбасы күніне орай халықаралық конференция өтеді

Елордада 6-шы қыркүйекте Отбасы күні мерекесіне орай «Отбасы және ұрпақтық-әлеуметтік әділеттілік» тақырыбында халықаралық конференция өтеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихаты барысында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев хабарлады. «8-ші қыркүйекте Қазақстан тұңғыш рет Отбасы күнін атап өтеді. Биылдан бастап Мемлекет басшысының Жарлығымен бұл күн жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде атап өтіледі. Мемлекет - отбасынан басталатынын, және біздің қоғамда негізгі отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударып отырғандығын тағы да атап өткім келеді. Осы отбасы күніне орай 6-шы қыркүйекте Астанадағы Риксос қонақ үйінде Республикалық әйелдер кеңесі «Отбасы және ұрпақтық-әлеуметтік әділеттілік» тақырыбында халықаралық конференция ұйымдастырады», - деді ресми өкіл. Диана ҚҰЛМАҒАНБЕТОВА
28.08.2013 10:48 3628

Елордада 6-шы қыркүйекте Отбасы күні мерекесіне орай «Отбасы және ұрпақтық-әлеуметтік әділеттілік» тақырыбында халықаралық конференция өтеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихаты барысында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев хабарлады.

«8-ші қыркүйекте Қазақстан тұңғыш рет Отбасы күнін атап өтеді. Биылдан бастап Мемлекет басшысының Жарлығымен бұл күн жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде атап өтіледі.

Мемлекет - отбасынан басталатынын, және біздің қоғамда негізгі отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударып отырғандығын тағы да атап өткім келеді. Осы отбасы күніне орай 6-шы қыркүйекте Астанадағы Риксос қонақ үйінде Республикалық әйелдер кеңесі «Отбасы және ұрпақтық-әлеуметтік әділеттілік» тақырыбында халықаралық конференция ұйымдастырады», - деді ресми өкіл.

Диана ҚҰЛМАҒАНБЕТОВА
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға