Алматының ең таза жатақханалары белгілі болды
Сонымен, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ, ҚазҰАУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, КИМЭП, Абылай хан атындағы ХҚ және ӘТ ҚазУ-де ең таза жатақханалар екені анық болды.
«Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ және М.Тынышпаев атындағы ҚазАТК студенттер үйі әлі де үздік деп саналады», – деді қалалық жастан саясаты басқармасының жетекшісі Санжар Боқаев.
Оның айтуынша, биыл алматылық жатақханалардың басым көпшілігінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
«Жоспарланған жұмыстардың барлығы аяқталды. Тек ҚазҰАУ мен Азаматтың авиация академиясындағы жатақханалардың бірінде жөндеу жұмыстары аяқталып жатыр», – деді С.Боқаев.
Ол Д.Қонаев атындағы көлік және құқық гуманитарлық университеті жаңа оқу жылында студенттенді қабылдауға өз жатақханасын дайындамағанын айтты. Ал Азаматтық авиация академиясы бұған дейін анықталған проблемалардың көзін жою жөнінде ЖОО-ға ресми хабарландыру жолданғаннан кейін ғана жөндеу жұмыстарына кіріскен.
«Анықталған келеңсіздіктердің көзін жою туралы жаз мезгілінің басында ұсыныс жолданған 8 университеттің 6-уы ескертуді қабылдап, тамыздық тексеруге дейін тиісті шаралар қабылдаған. Қала әкімі А.Есімов студенттер баспанасындағы әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді қадағалауда ұстау туралы тапсырма берді», – деді С.Боқаев.