23 мың түлек сынақтан сүрінді
07.06.2013 10:25
3261
Ұлттық бірыңғай тест басталғалы 4 күн ішінде 23 мың түлек сынақтан сүрінді.
Олар 50 ұпай жинай алмаған. Бұл туралы ҚР БҒМ «Ұлттық тест орталығы» РМҚК хабарлап отыр. Жалпы бұл күндері тестке 82 мың түлек қатысқан. 23 мың бала сынақтан сүрінсе, 9 мыңнан астам түлек жүзден аса ұпай жинады. Ең үздік болып республика бойынша 3 түлек атанды. Олар 125 балл жинаған. Сонымен қатар сынақ кезінде тәртіпсіздігімен көзге түскендер де болды. 24 түлек аудиториядан шығарылды. Емтихан кезінде 10 мыңға жуық қолдануға тыйым салынған заттар тәркіленді. Олардың ішінде ұялы телефондар, көмек құралдары, калькулятор, тіпті, фотоаппарат та бар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Көкшетауда ҰБТ қорытындыланды