Көкшетау мектеп түлектерінің ҰБТ бойынша жинаған орташа балы – 74,6, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Көкшетау бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуді 701 оқушы (түлектердің жалпы саны – 833) тапсырды. Қала бойынша орташа білім көрсеткіші 74,6 балға тең. Үздік білім көрсеткішін «Алтын белгіге» үміткер 16 оқушы (жалпы үміткерлер саны 51 адам) көрсетіп, үздік аттестатын 3 оқушы қорғап шықты (23)», - деп хабарлады Көкшетау білім беру бөлімі әдістемелік бөлімінің мамандары.
«Қала бойынша ең жоғарғы балл – 123 – Қазақ лицейінің оқушысы Әділ Ысмағұлов жинады, ең төменгі көрсеткіш – № 16 мектепте», - дейді мамандар.
Олардың айтуынша, ҰБТ тапсыру кезінде ешқандай олқылық орын алмаған. Қазіргі уақытта апелляциялық комиссия жұмыс істеп жатыр, соңғы қорытынды нәтиже кешке шығады. Айта кетерлігі, 4 маусымда апелляцияға берген оқушылардың арасынан тағы оқу озаттары қосылды – бір «Алтын белгі» және бір үздік аттестат иегері анықталды.
Еске сала кетейік, Көкшетауда ҰБТ екі кезеңмен – 4 мен 6 маусымда Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің іргесінде жүрді. 14 мектеп – бірінші және 9 мектеп екінші кезеңде тапсырды. 110 оқушы емтиханды дәстүрлі негізде тапсыруды жөн көрді. Тағы 5 оқушы денсаулығына байланысты ҰБТ тапсырудан босатылды.
Көкшетауда ҰБТ қорытындыланды
Оқи отырыңыз
Кеше, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады12 Қазан, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді