Жаңалықтар

Боксшы Бейбіт Шүменовті босатқан полицейлер жұмыстан қуылды

Боксшы Бейбіт Шүменовті босатқан полицейлер жұмыстан қуылды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ / instagram.com/beibutshumenov 01.08.2023 17:13 783

Танымал боксшы Бейбіт Шүменовтің ісіне қатысы бар полицейлерге сөгіс жарияланып, қызметінен босатылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Астана қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, мұндай шешім жан-жақты талдау жүргізілген соң қабылданған.

Есіл ауданы ПБ учаскелік полиция инспекторы атқаратын қызметінен босатылды. Есіл ауданы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің кезекші бөлімінің жедел кезекшісі және аға учаскелік полиция инспекторы (ППП жұмысын ұйымдастыруға жауапты) қызметтік сәйкестігі толық болмағаны туралы ескертілді.

Есіл ауданы ҚП бастығының орынбасары атқаратын қызметінен босатылды, аудандық басқарма бастығына сөгіс жарияланды, – делінген мәліметте.

Оқи отырыңыз:

Естеріңізде болса, 18 маусымда Бейбіт Шүменов Астанадағы ірі сауда орталығында қолына баласын ұстаған ер адаммен сөзге келіп, оны соққыға жыққан болатын.

Тәртіп бұзушылар Есіл аудандық полиция бөліміне жеткізілген. Алайда полицейлер екі тарапты да босатқан. Осыдан соң оған іздеу жарияланған болатын. 

Зардап шеккен адамның қорғаушысы Қанат Тілеужан полиция мен прокуратураның істі жүргізуге келгенде құлықсыз екенін мәлімдеді. Кейін ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сүнтаев Бейбіт Шүменовтің төбелесі туралы толығырақ таратып, түсініктеме берді. 

Сонымен қатар,  Бейбіт Шүменов қоғамда шу тудырған төбелеске қатысты өз ойын білдірді. Бұдан бөлек, бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева қолында баласы бар ер адамды соққыға жыққан Бейбіт Шүменовті жазалауды талап етіп, мәлімдеме жасады. 

Кейін ІІМ Бейбіт Шүменовке қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша боксшының 5 жылға дейін сотталуы мүмкін екенін айтқан. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға