Жаңалықтар

Боксшы Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланды

Боксшы Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланды
Фото: instagram.com/beibutshumenov 24.07.2023 09:20 927

Тиісті ақпарат Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің сайтында пайда болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астанадағы «Мегада» төбелес ұйымдастырған бұрынғы әлем чемпионына екі күн бұрын іздеу жарияланған.

Бұған дейін Шүменовтің қатысуымен болған іске қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғаны айтылған.

Оқи отырыңыз:

Осыдан біраз күн бұрын әлеуметтік желіде Астанадағы қоғамдық демалыс орындарының бірінде боксшы Бейбіт Шүменов кішкентай баласын көтеріп алған ер адамды соққыға жыққаны туралы жазған болатынбыз. 

Зардап шеккен адамның қорғаушысы Қанат Тілеужан полиция мен прокуратураның істі жүргізуге келгенде құлықсыз екенін мәлімдеді. Кейін ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сүнтаев Бейбіт Шүменовтің төбелесі туралы толығырақ таратып, түсініктеме берді. 

Сонымен қатар,  Бейбіт Шүменов қоғамда шу тудырған төбелеске қатысты өз ойын білдірді.  Бұдан бөлек, бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева қолында баласы бар ер адамды соққыға жыққан Бейбіт Шүменовті жазалауды талап етіп, мәлімдеме жасады. 

Кейін ІІМ Бейбіт Шүменовке қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша боксшының 5 жылға дейін сотталуы мүмкін екенін атады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға