Жаңалықтар

Бейбіт Шүменов 5 жылға дейін сотталуы мүмкін

Бейбіт Шүменов 5 жылға дейін сотталуы мүмкін
Фото: instagram.com/beibutshumenov 13.07.2023 15:28 1343

Ішкі істер министрлігі Астанадағы сауда-ойын-сауық орталығында болған бұзақылық фактісі бойынша тергеуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қолында баласы бар ер адамды соққыға жыққан боксшы Бейбіт Шүменовке қатысты іс қозғалған.

18 маусымда Астанадағы "MEGA SILK WAY" СОО-дағы кафелердің бірінде қоғамдық тәртіп бұзылып, келушілердің бірі екіншісін ұрып-соққан. Қазіргі уақытта осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабымен (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу басталды, ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді, - делінген ІІМ хабарламасында.

Оқи отырыңыз:

Ішкі істер органдары барлық қажетті жедел-тергеу іс-шараларын жүргізуде. Олардың нәтижелері бойынша құқықтық баға берілетін болады.

Айта кетейік, атақты боксшы Бейбіт Шүменов кішкентай баласын көтеріп алған ер адамды соққыға жыққаны туралы жазған едік.

Зардап шеккен тараптың адвокаты Қанат Тілеужан полиция мен прокуратураның істі жүргізуге келгенде құлықсыз екенін айтты.

 Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сүнтаев Бейбіт Шүменовтің төбелесі туралы толығырақ айтып берді.

Сондай-ақ  Бейбіт Шүменов қоғамда шу тудырған төбелеске қатысты өз ойын айтқан еді.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева қолында баласы бар ер адамды соққыға жыққан Бейбіт Шүменовті жазалауды талап етті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға