Бірге туып, бірге сапқа тұрды: Ұлттық ұланда 40-қа жуық егіз қызмет етеді

Бірге туып, бірге сапқа тұрды: Ұлттық ұланда 40-қа жуық егіз қызмет етеді
Фото: Ұлттық ұлан баспасөз қызметі

Қазақстан Ұлттық ұланы сапында 40-қа жуық егіздер жұбы Отан алдындағы борышын өтеп жүр. Құқықтық тәртіп әскерінде егіздерді бір-бірінен ажыратпай, бір әскери бөлімде бірге қызмет еткізу дәстүрі сақталған.

Солардың қатарында Астанадағы жедел бригадада қызмет ететін Алмас пен Олжас Сүлейменовтер және 6636 әскери бөлімінде борышын өтеп жүрген Ростислав пен Ярослав Тарандар бар. Бір қызығы, екі жұп та Павлодар қаласының тумалары. Алмас пен Олжас Сүлейменовтер елордадағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге атсалысып жүр. Ал Ростислав пен Ярослав Тарандар әскери бөлімнің қарауыл қызметін атқарады.

Сырт келбеті қатты ұқсайтын егіздерді алғаш көрген адам бірден ажырата бермейді. Алайда бірге қызмет ететін сарбаздар уақыт өте олардың мінезі мен болмысындағы айырмашылықтарды байқап, кімнің кім екенін ажыратуды үйренген.5573 әскери бөлімінің сарбазы Алмас Сүлейменов әскерде егіз бауырымен бірге қызмет етудің өзі үшін ерекше екенін айтады.

Бала кезден бірге өстік, енді Отан алдындағы борышымызды да қатар өтеп жатырмыз. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш әрі ұмытылмас кезең. Бір-бірімізге әрдайым қолдау көрсетіп, қатар дамып келеміз. Отан алдындағы борышымызды бірге өтеп жатқанымызды мақтан тұтамыз, – дейді Алмас Сүлейменов.

Қазір Ұлттық ұлан қатарында еліміздің әр өңірінен келген 40-қа жуық егіздер жұбы қызмет етеді. Олар әскери борышын да бірге өтеп, ел қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге үлес қосып жүр.

Оқи отырыңыз: 

Оқи отырыңыз