Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрТүркияның Хатай провинициясындағы тұрғын үйдің сәулетшісі Мехмет Чошкун ұсталды. Ол әуежайда қолға түскен, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы Риа Новости ақпарат агенттігі жазды. Дерекке сүйенсек, Чошкун Черногорияға ұшпақ болған жерінен ұсталған.
"Мехмет Яшар Чошкун Хатайдағы 250 пәтерлі тұрғын үйді миллион лираға сызды. Ол Стамбұлдың жаңа әуежайында қашып кетпек болған жерінен қолға түсті", — делінген ақпаратта.
Ол салған тұрғын үйі жер сілкінісі кезінде дымы қалмай қирап қалды. 2012 жылы тұрғызылған ғимарат 12 қабатты болған.
Айта кетейік, Түркияның Әділет министрі Бекир Боздаг бұған дейін елдегі ғимараттардың қирауына байланысты жауапты адамдар міндетті түрде жазаға тартылатынын мәлімдеген еді.
Түркиядағы зілзаладан қаза тапқандар саны күн санап көбейіп барады.Іздеу-құтқару жұмыстары жалғастырылуда.
Қазақстан Түркияға гуманитарлық көмек ретінде $1 млн бөлді. Сонымен қатар Қазақстандықтардың екінші тобы Түркиядан қайтарылды.
ҚР Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Түркиядағы жойқын жер сілкінісінің салдарын жою бойынша жүргізіліп жатқан іздестіру-құтқару жұмысына қатысты соңғы ақпаратпен бөліскен болатын.
Осыған дейін Түркияда жоғалған қазақстандық Әділ Қадырбеков пен Мирболат Құрмашевтің денесі табылғандығын хабарлаған болатынбыз.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова