Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліҚарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Теміртаудағы газ жарылысының алдын ала болжамды себебін айтты. Апатқа байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомствоның соңғы мәліметі бойынша, қоқыстарды тазалау жалғасуда. Үйіндінің 90 пайызы тазартылды. Бірінші қабат деңгейінде гараж орналасқан бөлігінде автокөліктер табылған. Олардың бірінде газ жабдығы болған деген болжам бар. Сауалнама нәтижесінде 1993 жылы туған жәбірленуші дүкенге кіріп, шақпақ сатып алғаны және тексеру мақсатында тұтатқаны анықталды. Осы кезде 2-3 секунд ішінде жарылыс дауысы естіліп, құрылыстар қираған.
Осыған байланысты газ-ауа қоспасының жарылу нұсқасы қарастырылады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда. Қылмыстық кодекстің 292-бабының 2-бөлігімен (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу) қылмыстық іс қозғалды делінген департамент мәліметінде.
Еске салсақ, бүгін таңғы уақытта Теміртаудағы дүкенде газ жарылысы болды. Ғимарат өртке оранып, опырылған.
Оқи отырыңыз:
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс