Жаңалықтар

Теміртауда дүкен ғимаратында газ жарылып, 2 адам зардап шекті

Теміртауда дүкен ғимаратында газ жарылып, 2 адам зардап шекті
Фото: ТЖМ 15.02.2024 09:00 781

15 ақпанда сағат 08.06-да Теміртау қаласында 2 қабатты дүкен ғимаратында газ жарылғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дүкеннің 2 қабатты ғимаратта қирау болғаны, жанғаны анықталды. Зерттеу және барлау барысында зардап шеккендердің орналасқан жері алдын-ала анықталды. Үйінділерді бөлшектеуге кірісті.

Сағат 08.44 үйінді астынан әйел адам шығарылды (жағдайы нақтылануда), оның сөздерінен үйінді астында ер адам бар. Үйінділерді талдау жалғасуда, - делінген ақпаратта.

Жұмыстарға ТЖД жеке құрамынан 17 адам, 5 бірлік техника жұмылдырылды. 23 адам, оның ішінде 5 бірлік техника оқиға орнына бара жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға